Әркүндік қолдану, 4 fast freeze функциясы, 5 freestore функциясы – Electrolux ENN2853AOW Manuel d'utilisation
Page 50: 1 бірінші қолданғанға дейін, 2 жаңа тағамды мұздату, 3 мұздатылған тағамды сақтайтын камера, 4 жібіту

• құрылғы орнатылған жер.
2.4 Fast Freeze функциясы
Fast Freeze түймешігін басып Fast Freeze
функциясын іске қосыңыз.
Fast Freeze шамы жанады.
Бұл функция 52 сағаттан соң
автоматты түрде тоқтайды.
Функцияны кез келген уақытта сөндіру үшін
Fast Freeze тетігін басыңыз. Fast Freeze шамы
сөнеді.
2.5 FreeStore функциясы
FreeStore функциясын FreeStore тетігін басып
іске қосуыңызға болады.
FreeStore шамы жанады.
Функцияны кез келген уақытта FreeStore
тетігін басып сөндіруге болады.
FreeStore шамы сөнеді.
Егер функция автоматты түрде іске
қосылса, FreeStore индикаторы
көрсетілмейді ("Күнделікті пайдалану"
тарауын қараңыз).
FreeStore функциясын іске қосқанда
қуат шығыны артады.
3. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ
3.1 Бірінші қолданғанға дейін
Құрылғыны ең алғаш пайдаланбас бұрын, іші
мен барлық ішкі керек-жарақтарын, аздап
нейтрал сабын қосылған жылы сумен жуып,
ондағы әдетте жаңа затқа тән келетін иісті
кетіріңіз, содан кейін мұқият құрғатыңыз.
Жуғыш заттарды немесе жеміргіш
ұнтақтарды қолданбаңыз, себебі
бұндай заттар құрылғының
қаптамасын бүлдіреді.
3.2 Жаңа тағамды мұздату
Мұздатқыш камера жаңа тағамды мұздату
мен тоңазыған және мұздатылған тағамдарды
ұзақ уақыт сақтауға жарайды.
Жаңа тағамды мұздату үшін Action Freeze
функциясын, мұздатылатын тағамды
мұздатқыш камераға қоярдың алдында, кем
дегенде 24 сағат бұрын қосыңыз.
Мұздатылуға тиіс жаңа тағамды астыңғы
камераға қойыңыз.
24 сағат ішінде мұздатуға болатын тағамның
ең көп мөлшері құрылғының ішіндегі
техникалық ақпарат тақтайшасында
көрсетілген.
Мұздату үрдісі 24 сағатқа созылады: осы
уақыт аралығында тоңазытқыңыз келген
басқа тағамды қосып салмаңыз.
3.3 Мұздатылған тағамды
сақтайтын камера
Құрылғыны ең алғаш қолданғанда не ұзақ
уақыт пайдаланбағаннан кейін қосқан кезде,
камераға тамақ салмас бұрын құрылғыны ең
кем дегенде 2 сағат ең жоғарғы
параметрлерге қойып жұмыс істетіп алыңыз.
Кездейсоқ еріп кету, мысалы электр
қуаты өшіп, ток техникалық
сипаттамалар кестесіндедегі "көтеру
уақыты" бөлімінде берілген
мәндерден де ұзақ уақыт бойы
қосылмай тұрса, еріп кеткен тағамды
жылдам пайдаланып не дереу пісіріп
алып барып қайта тоңазыту
(салқындатқан соң) қажет.
3.4 Жібіту
Мұздатылған не тоңазытылған тағамды
қажетке жаратпас бұрын, осы жұмысқа
арналған уақыттың шамасына қарай отырып,
оны тоңазытқыш ішінде не бөлме
температурасында жылытуға болады.
Тағамның кіші кесектерін тоңазытқыштан
алған бетте мұздаған қалпы пісіре беруге
болады. бұндай жағдайда пісіру уақыты
ұзағырақ болады.
50 www.electrolux.com